Леди Гага Париж Олимпиадасының ашылу салтанатында өнер көрсетті
23:17, 26 Шілде 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Леди Гага 2024 жылғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында өнер көрсетті.
Леди Гага Сена өзеніне баспалдақпен төмен түсіп, ашылу салтанатында ән айтты. Ол француз әртісі және әнші Зизи Жанмердің Mon truc en plumes әнінің нұсқасын орындады.
Осыған дейін Селион Дион ашылу салтанатында өнер көрсетуі мүмкін екені айтылған болатын. Олимпиада ұйымдастырушылары оның Эйфель мұнарасында сахнаға шығатынын растады.