Леффлер Головкин - Джейкобс айқасының табысын қалай бөлетінін айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - К2 Promotions атқарушы директоры Том Леффлердің айтуынша, Дэниэл Джейкобс Головкинмен жекпе-жегі үшін тиісті деңгейден сәл көбірек алады, деп хабарлады Sports.kz.

18 наурызда боксшылар кездесуінде Головкин WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы супер-чемпион титулын қорғайды. Дүниежүзілік бокс қауымдастығы қағидасы бойынша чемпионға жалпы табыстың 75 пайызы, ал үміткерге 25 пайызы төленеді.

Леффлер төлемді қандай да бір ықтимал тәуекелдерді болдырмау мақсатында көтергенін айтты. «Бұл белгіленген пайыздық ара-қатынастан қымбат. Әрі жан-жақтан қанша талқыланды: «Айқасты Barclay's Center-ге ауыстырса не болады?», «Оны Showtime телеарнасына қойса ше?», - олай болғанда біз чемпиондық жолымыздан шығып, «Мэдисон Сквер Гарденде» қайта жекпе-жек өткізе алмаған болар едік».

Геннадийдің «Гарденде» Лемьемен жекпе-жегі өткен. Олай болса, Нью-Йоркте жанкүйерлер оның қайта оралуын күтіп отыр. Көпшілігі мұны әсерлі жекпе-жек болады деп күтуде», - деген Леффлердің сөзін келтірді UCN Live.