«Біз екі жыл бұрын Головкин мен кіші Чавес жекпе-жегін ұйымдастырғымыз келді. Геннадий 168 фунтқа көтерілуге де дайын болды. Бірақ, Чавес келісімшарттарында кедергілер туындап, кездесу болмай қалған еді. Менің ойымша, Чавес пен Канелоның қайсысы жеңіп шықса да, Головкинді тартысты айқас күтіп тұр. Ал егер Чавес Альваресті жеңсе, бокстың шыңына көтеріледі. Сондықтан, екеуі де Головкин үшін мықты қарсылас болғалы тұр», - деді Леффлер iFL.TV берген сұхбатында.
12:30, 04 Ақпан 2017
Леффлер: Головкин - кіші Чавес жекпе-жегіне қарсы емеспін
АСТАНА. ҚазАқпарат - К2 Promotions атқарушы директоры Том Леффлер 6 мамыр күні кіші Хулио Сезар Чавестің Сауль Альваресті жеңіп, Геннадий Головкиннің қарсыласы бола алатынын жоққа шығармайды, деп жазды Sports.kz.