Леффлер Головкиннің бокс кешінде аншлаг күтуде - Джейкобс

АСТАНА. ҚазАқпарат - Промоутер Том Леффлер 18 наурыз күні өтетін Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобс арасындағы чемпиондық айқаста «селл-аут» күтетінін мойындады, деп хабарлайды Sports.kz.

Өткен сенбіде бруклиндік «Barclays Center» ғимаратында өткенде Кит Турман мен Дэнни Гарсия жекпе-жегіне 16, 533 адам келген. Бұл көрсеткіш аренадағы рекордты орнатты. 18 наурыз күні «Мэдисон Сквер Гарден» аренасына келушілер саны сатылымда билеттердің тең жартысы қалғанына қарамастан, 19-20 мың адам болады деп күтілуде Сонымен қатар, ерекше оқиға орын алуы мүмкін. Жергілікті спортшыға қарағанда сырттан келген боксшы тым көп қолдауға ие болуы мүмкін.

«Егер сізде дұрыс айқас болса, жанкүйерлер де жауап қатуы мүмкін. Геннадийдің арқасында соңғы рет «Гарденде» өткен Давид Лемьемен болған айқаста барлық билеттер сатылып кеткен еді. Алайда, біз көрермендердің сұранысына орай көп адам келеді деп күтудеміз. Бұл - барлық елдің аузынан түспейтін керемет айқас болғалы тұр. Біз Дэниэл Джейкобсті аса қатты құрметтейміз. Ол Геннадий үшін ең үлкен сынақ болып табылады. Ол ең үлкен панчер. Оның қолы жылдам қимылдайды, сондай-ақ оның денесі Головкиннен үлкен. Бұл, әрине ең қызықты текетірес болады», - деді Леффлер NYpost.com-ға берген сұхбатында.