Билеттердің бағасы «жанкүйер картасы» мен маусымдық абонементтің бар-жоғына байланысты ерекшеленеді. Атап айтқанда, төртінші санаттағы билеттің құны қарапайым футбол сүйер қауым үшін (жеңілдіктерсіз) 45 злотыйға түседі. Бұл ұлттық валютаға шаққанда - 4010 теңге. Бірінші санаттағы билет 70 злотый тұрады - 6 246 теңге.
«Астана - «Легия»-ның бірінші кездесуі 26 шілде күні Астанада өтеді, ал жауапты матч Варшавада 2 тамызда өтпек.