Еске салсақ, 2015 жылы қазанда Головкин Лемьені уақытынан бұрын жеңген болатын.
«Екеуі екі түрлі - деп атап өтті Лемье. - Головкин Стивенске қарағанда күшті әрі соққысы қуатты. Өзім айтқандай, кіммен болса да, Головкинмен де айқасуға әзірмін. Бірақ менің өз жоспарым бар. Бұған дейін Сауль „Канело" Альварес немесе Билли Джо Сондерспен айқасып, бақ сынассам деймін. Мықты қарсыластарды таңдағым келеді, себебі үздік болу үшін үздіктерді жеңу қажет. Меніңше, қазір ең мықты боксшы - Головкин».