Лемье пен Стивенс Головкинмен қарымта кездесу өткізгісі келеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Канадалық Давид Лемье және  америкалық боксшы Кертис Стивенс  11 наурызда  өтетін жекпе-жекте жеңіске жеткен жағдайда, Геннадий Головкинмен қарымта кездесу өткізуге қарсы еместігін атап өтті, деп хабарлады  Sports.kz.

«Жеңімпаз (біздің Стивенспен айқасымыздағы) Головкинмен кездескісі келеді.   Бірақ менің ойымда тек алдағы айқас», - деді Лемье  ESPN-ге берген сұхбатында.

«Алдымен сенбіде өтетін жекпе-жегімізді өткізіп алайық.   Келесісін сосын болжаймыз», - деді Стивенс.

Еске салсақ, екі боксшы да Головкиннен техникалық нокаутпен жеңілген.