Полицияның хабарлауынша, аталған жайт бойынша Төлеби АПБ-не тіркеуге алынған. Қазіргі таңда тиісті тексерулер жүргізілуде. Тәртіп сақшылары болған жайттың егжей-тегжейін анықтау үстінде. Алдын ала анықталғандай, 10-сынып оқушысы өзімен бірге мектепке газ балонына ұқсас затты алып келген. Өзінің айтуынша, оны көшеден тауып алған.
«Оқушы қыз аталмыш затты қызығушылықпен білім ордасының ішіне шашқан. Салдарынан 30-ға жуық оқушы өздерін жайсыз сезініп, ауруханаға жеткізілген. Оқушылардың барлығына медициналық көмек көрсетілді. Оның ішінде 8 оқушы дәрігердің бақылауында болса, қалғаны үйіне қайтарылды» делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Леңгір қаласындағы мектепте оқушылар, мұғалімдер және техникалық қызметкерлердің жаппай иістен уланып, ауруханаға түскенін хабарлаған болатынбыз.
17:51, 13 Қыркүйек 2019
Леңгірде оқушылардың жаппай улану оқиғасы бойынша тексеру басталды
ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Ленгір қаласында мектеп оқушылары мен ұстаздардың жаппай улану оқиғасы бойынша тексеру шаралары басталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.