Ленинград облысында Ресейдегі ең үлкен түрме салынуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма, 17 қазанда Ленинград облысының Колпин қаласында Ресейдегі ең үлкен тергеу оқшаулағышының алғашқы нысаны тапсырылады.

Бұл туралы дүйсенбіде Ресей Федералдық жазаны орындау қызметі сайтында хабарланды.

Тергеу оқшаулағышы Ресейдегі ең үлкен түрме болмақ. Федералдық жазаны орындау қызметі мұның заманауи технологиялар мен еуропалық стандарттар бойынша салынып жатқанын атап өтті. Камералық алаң тергеудегі бір адамға 7 шаршы метрді құрайды.