Ленинград облысындағы ірі жол апаты - 8 адам, соның ішінде екі бала зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ленинград облысының Гатчинский ауданында ірі жол апаты орын алды. Оқиға салдарынан сегіз адам, соның ішінде екі бала зардап шекті.

Жол апаты жергілікті уақыт бойынша сағат 03:40-та А-120 күре жолының 41-ші шақырымында, Нисковицы мен Жабино елді мекендерінің арасында орын алған. Renault Laguna көлігінің жүргізушісі екінші дәрежелі жолдан шығып келе жатып, Ford Focus көлігімен соқтығысты, деп хабарлады Петербор және Ленинград облысы бойынша МАИ насихаттау бөлімінен.

Ford Focus-тың жүргізушісі рульге жүргізуші куәлігінсіз отырғаны атап өтіледі. Ал балалар жол апаты кезінде арнайы көлік креслоларында отырмаған.