Соғыс жылдары Қазақстанның ауыл еңбекшілері Ресейге 5829 мың тонна нан жеткізгені белгілі. 75 жыл өткен соң, елшілік қызметкерлері 872 күнге созылған Ленинград блокадасының алыну күні бірлік, молшылық және құрмет нышаны ретінде 872 бауырсақ таратты.
2018 жылы Лениград блокадасының алынуы күніне орай Санкт-Петербург қаласында акция өткен болатын. Қазақстандық дипломаттар петербургтықтарға Алматының алмасын таратқан.
«Қазақстандық нан блокадалық Ленинград үшін» акциясы «Бауырсақ» қазақстандық тауарлар дүкендері желісінің қолдауымен өтіп жатыр.