Ленинградтың Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлігіне арналған ақпараттық портал ашылады
Қалалық үкіметтің баспасөз қызметінен хабарлағандай, бұл ресурс ақпараттық, интерактивтік және әлеуметтік бөлімдерден тұратын болады.
Порталға бұрын-соңғы бұқара халық көрмеген фотосуреттердің бірегей мұрағатын орналастыру жоспарлануда. Сондай-ақ, соғыс ардагерлерінің, қоршаудағы Ленинград тұрғындарының, концлагерьлерде болған тұтқындардың фотосуреттері мен әңгімелерінің де «мұрағаты» құрылмақ. Оған қоса порталға қоршау жылдарындағы радио-архивтерді орналастыру жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, бүгіннен бастап порталда «Ленинград қоршауының виртуалды мұражайын жасауға көмектес» деп аталатын бірегей жоба іске қосылуда. Бұл жобаға атсалысқысы келетін кез-келген азамат отбасында сонау сұрапыл жылдардан сақталып келе жатқан жәдігердің фотосуреті мен оның тарихы туралы қысқаша әңгіме жолдай алады.