Лениннің денесін бір жыл қаз-қалпында сақтау жұмыстары 200 мың АҚШ долларына бағаланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Владимир Лениннің бейнесін тірі кезіндегідей сақтау жұмыстары 2016 жылы 13 млн. рубльге (197 мың АҚШ доллары) бағаланды. Бұл туралы Ресейдің мемлекеттік сатып алулар порталында хабарланды.

Хабарламада жазылғандай, жұмыстардың тапсырыс берушісі - Ресейдің Федералды күзет қызметі.

Хабарламаға сәйкес, қызмет тұрақты түрде 2016 жылдың қараша айына дейін көрсетілуі керек.

Соңғы жылдары Ленинді жерлеу мәселесі жиі көтеріліп тұрады, бірақ ресейлік қоғамда бұл жөнінде біржақты пікір жоқ.

Владимир Ильич 1924 жылдың 21 қаңтарында дүние салды. Ол қайтыс болғаннан кейін денесіне бальзам жағылып, Мәскеудегі Қызыл алаң Мавзолейіне қойылды.