Лениннің ескерткішін құлатты - ВИДЕО

АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат - Киев милициясы қаладағы Бессарабский алаңында Лениннің ескерткішін құлату фактісіне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр,

деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Милиция белгісіз біреулердің ескерткішті қиратуы Украинаның қылмыстық кодексінің 294-бабына сәйкес жаппай тәртіпсіздік деп санап отыр.

Мүлікті қастандықпен жойып, қоғамды тәртіпті қатаң бұзғаны үшін айыпталушыларды жауапкершілікке тарту көзделуде.

Жексенбі күні хабарланғандай, 250-ге жуық адам ағаштарға арқан байлап тарту арқылы Лениннің ескерткішін құлатқан. Сол жерде милиция қызметкерлері толы автобус тұрған, алайда олар бұл оқиғаға араласпаған, деп хабарлады Росбалт.