Ленинский кентіндегі «Шабыт» поэтикалық клубына жеті жыл толды - Павлодар

None
ПАВЛОДАР. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар маңындағы Ленинский кентінде құрылған «Шабыт» әйелдер клубына жеті жыл толды.

Әртүрлі жастағы түрлі ұлт өкілдерінің әдебиет пен музыканы жақсы көретін, қазақ, ингуш, орыс және беларус тілдерінде өлең жазатын әйелдер қауымы жергілікті кітапханаға жиналып, бір-бірін жаңа туындыларымен таныстырады.

«Шабыт» клубының туған күнінде оларды құттықтау үшін павлодарлық ақын Талғат Ғарыпов келді. Ол әйелдер қауымына Ресейде жарық көрген «Берега» атты өлеңдер жинағын табыс етті, ал клуб мүшелері оған әдеби шығармаларын оқып, жаңа әндерін орындап берді.