Лэнс Армстронг «Nevada City Classic» бәсекесінде үздік шықты

АЛМАТЫ. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Астаналық» велошабандоз Лэнс Армстронг кеше АҚШ-та өткен «Nevada City Classic» жарысында үздік шықты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана» велоклубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 АҚШ-тың Калифорния штатындағы бұл байрақты бәсеке биыл 49-шы рет  ұйымдастырлып отыр. Онда  әйгілі Тур де Франц көпкүндігінің 7 дүркін жеңімпазы өзінің «Астана» велоклубы сапындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Мәре сызығын оның «Bissell» клубында бақ сынайтын отандасы Бен Жакуес Майнес (Ben Jacques-Maynes) - екінші, ал  командалас серігі Леви Лейфамер үшінші боп кесіп өтті.

 Қазақстандық кәсіпқой велоклубтың шабандоздары бұған дейін түрлі жарыстарда 18 рет үздік шыққан болатын. Онда өз командасына Леви Лейфамер - 8, Альберто Контадор - 7, Андреас Клёден - 2,  Грегори Раст  1 рет олжа салған еді.