Таяу сағаттарда Варадкар мемлекет басшысының резиденциясына барады және президент Майкл Хиггинстің қолынан атқарушы биліктің атрибуты - «кеңсе мөрін» алады. 14 маусымда министрлер кабинетінің жаңарған құрамы жарияланатыны күтілуде.
Лео Варадкар осы жылдың 18 мамырында Fine Gael көшбасшысы уәкілеттігін өз еркімен тапсырған Премьер-министр Энду Кеннидің орнына келді. 2 маусымда партияішілік сайлауда Варадкар 60% дауыс жинап, өзінің жалғыз бәсекелесі - Саймон Коувениді басып озды. Осылайша, Ирландия үкіметі басшысының орнына басты үміткер атанды.