Бұған дейін суретшінің баласы болмаған деп есептіліп келген. Өнертанушы, Леонардо мұражайының директоры Алессандро Веццози бұл жаңалықты 14 сәуірде суретшіге арналған конференцияда жария еткен. Зерттеуші «ғалымның ұрпағы қалмаған» деген дерекке сенбей, 43 жыл бойы осы жұмбақтың жауабын іздеп келген. Нәтижесі: әйгілі суретшінің бүкіл әлем бойынша 35 ұрпағы бар. Итальялық ғалымдар осындай қорытындыға келді.
Мамандар іздестіру жұмыстарын 40 жылдан астам уақыт бойы жүргізіпті. Белгілі болғандай, «Джоконда» авторының туыстары негізінен Италияда тұрады екен. Олардың арасында атақты режиссер Франко Дзеффирелли де бар. Сонымен қатар, шебердің ұрпақтары Франция мен Испаниядан да табылған. Ұрпақтарының бірі режиссер, бірі кондитер, бірі полиция қызметкері екен, деп жазады massaget.kz.