Өткен жылдың мамырынан бері ол 77 миллион доллар тапты. Ди Каприоның негізгі табысы «Қарғыс атқан арал» және «Бастау» триллиерінде сомдаған рөлдерінен түсті.
Рейтингінің екінші орнында «Кариб теңізінің қарақшылары» фильмінде Джек Воробья рөлін орындап, қаламақысын алып жатқан, 50 млн. доллармен өткен жылдың көшбасшысы болған Джонни Депп жайғасты.
Үшінші орында 2010 жылы 40 млн. доллар тапқан сайқымазақ Адам Сэндлер, одан кейін 36 млн. доллармен Уилл Смит және 35 миллион кіріспен Том Хэнкс келеді.