Кинолентада Кеңес Одағының күйреуі Михаил Горбачевтің көзімен суреттелмек.
Америкалық БАҚ өкілдерінің хабарлағанындай, М.Горбачевтің өзі және көп жылдар бойы КСРО-ның бірінші әрі соңғы президентінің аудармашысы қызметінде еңбек еткен Павел Палажченко аталмыш жобаның кеңесшілері болмақ. Сценариймен Джон Шибан шұғылдануда. Ал Ди Каприо мен Хэнкс - фильмнің продюсерлері.