Лепеха қыз алып қашатындарды жазалау туралы: Асыра сілтеуге тағы болмайды
12:01, 15 Мамыр 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәжіліс кулуарында қыз алып қашудың заңдағы жазасы туралы пікір білдірді.
— Адам ұрлауға байланысты нормалар қолданыста бар. Бұл жерде асыра сілтеуге тағы болмайды. Өйткені кейде екі тараптың келісімімен жасалған жай ғана дәстүрді орындау болуы мүмкін. Ал кейде тұрмысқа шығуға мәжбүрлеу, көндіру фактілері кездесіп жатады. Ондай жағдайда жауапқа тартылу керек. Қазір адам ұрлау бабы бар. Бәлкім редакциясын сәл түзету керек шығар, — деді ол БАҚ өкілдерінің сұрағына берген жауабында.
Айта кету керек, бүгінгі таңда ІІМ қыз алып қашу қылмыстарының статистикасын жеке жүргізеді.