Өрт 13 қыркүйек күні 17.09-да басталып, 18 сағат 56 минутта сөндірілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге Ақмола ТЖД жеке құрамының 6 адамы және 2 техникасы, Астана қаласы ТЖД-нің 15 адамы мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Өрт 30 шаршы метр аумақты шарпыды. Оның салдарынан күйік шалған 60 жастағы ер адам мен 33 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді.