Бұл туралы британдық Sky Sports порталы хабарлады.
Шмейхель сынған қолымен бір сағаттан астам уақыт бойы ойнады. Бірнеше рет қауіпті сәттерде допты кейін серпіп командасын құтқарып қалды.
Сәрсенбіде өткен кездесу кезінде алған жарақаты салдарынан енді даттық голкипер алты аптаға дейін ойынға қатыса алмайды.
Шмейхель Чемпиондар лигасының рекордшысы. Ол "Лестер" құрамында 2015/16 Англия чемпионы болған.
Фото: imago sportfotodienst / Globallookpress.com