АСТАНА. KAZINFORM - Елордалық «Жеңіс» футбол командасының бас бапкері Леван Коргалидзе қызметінен кетті.
Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Грузиялық маман астаналық клубқа 2024 жылдың басында бас бапкер болып тағайындалған еді. Оның басшылығымен команда тоғыз ойын өткізді. Оның екеуінде жеңіске жетсе, біреуінде тең түсіп, қалғанында қарсыластарына есе жіберді. Соның салдарынан турнир кестесінде жеті ұпаймен көш соңында тұр.
Астаналық «Жеңіс» көп жылғы үзілістен кейін Премьер-лигаға қайта оралды. Ел біріншілігінде 2000, 2001, 2006 жылдарда чемпион атанса, 2003 жылы қола жүлдеге қол созды.
Айта кетсек, бұған дейін алматылық «Қайрат» және қарағандылық «Шахтердің» бас бапкерлері қызметінен кетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.