Левандовский «Баварияға» ауысты

АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Былтырғы қарқынынан айырылған Дортмундтың «Боруссиясының» үздік ойыншыларының бірі Роберт Левандовский клубтан кетті. Талай таңдаулы командалар қызыққан ойыншы Мюнхен қаласын таңдады. Левандовский «Бавария» футбол командасымен бес жылдық келісім-шартқа отырды.

Бұл туралы «Бавария» футбол клубының арнайы парақшасына сілтеме жасап «Аламан» хабар таратты.