Левит финалда қарсыласын айқын басымдықпен ұтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан Астанада өтіп жатқан Президент Кубогы додасының финалдық айқасында Рио-де-Жанейро олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит үнділік қарсыласын айқын басымдықпен ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

91 келі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз Василий Левит алғашқы руандтардан бастап өзінің шаршы алаңның қожайыны екенін бірден сездірді. Ол қарсыласын бұрыштан бұрышқа қуып жүріп сабап, жанкүйерлерінің ыстық ықыласына бөленді.

Үшінші раундта жерлесіміздің ауыр соққысынан үнділік боксшы Чаухан Гаурав нокдаун алды. Төртінші раундта да Левит осы қарқынын жалғастыра білді.

Естеріңізге сала кетейік,  жарысқа қазақ спортшыларынан бөлек, Өзбекстан, Иран, Үндістан, Тәжікстан, Филиппин, Оңтүстік Корея, Украина, Ресей, Моңғолия және Қырғызстан елдерінің боксшылары қатысып жатыр.