Левит жаңа Мейвезер немесе Тайсон шығуы ықтимал боксшылар қатарына қосылды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Sports.ru спорт порталы біз Риодан танып-білген болашақ кәсіби ринг жұлдыздарын жариялады, деп хабарлады Sports.kz.

Олардың ішінде жаңа Флойд Мейвезер немесе Майк Тайсон шығуы ықтимал боксшылар қатарына Олимпиада-2016 күміс жүлдегері, қазақстандық Василий Левит қосылды.

Василий Левит (Қазақстан)

Салмағы91 келіге дейін

ҚарсыласыДенис Лебедев

«Бокстің көптеген әуесқойларын Олимпиада чемпиондары емес, одан ұтылған адам қызықтыруы мүмкін. Финалдық жекпе-жек нәтижесі әртүрлі ой салады, десек те алтын медаль иесі Тищенкодан гөрі Василий Левит кәсіби рингтен ойып тұрып орын алары сөзсіз.

Аласалау бойлы (196 сантиметрлік Тищенкоға қаарғанда) батыл шабуылдайтын Левит рингтегі басымдықты өз қолына алып, ресейлікті бұрыштан бұрышқа қуалады. Левит біздің боксшыны өз ықпалына көндірді және белгілі жағдайлармен ғана жеңіске жете алмады.

Бұл атаққа жолды Левит алғашқы ойындарда-ақ бастады, ал жартылай финалда Эрисланди Савонға өзінің басымдығын көрсете білді, содан кейін ол жайында сүйінішпен айтыла бастады», деп жазды портал. 

Соңғы жаңалықтар