Левитке есе жіберген Айбек: Финалдағы жеңіліс қамшылайды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада өткен бокстан Президент кубогы додасы ересектер қатарына енді өткен жас спортшыларға үлкен тәжірибе сыйлады, деп жазады olympic.kz.

Өйткені бұл турнирде жастар құрамасынан қанаттанған ТалғатШайкен, Дамир Тойбай, Айбек және Нұрбек Оралбайлар бақ сынады.

Ірі халықаралықтурнирдің финалына дейін сүрінбей, Олимпиада жүлдегері Василий Левитке есежіберген Айбек Оралбай жарыстан алған әсерімен бөлісті.

«Президент кубогынажақсы дайындықпен келдік. Ұлттыққұрама сапында үзіліссіз жаттығу жасап, өз мықтылығымызды дәлелдеуге тырыстық.Осы аралықта бізді бақылауда ұстап, бағыт көрсеткен бапкерлерімізге рахмет. Алтурнирге келер болсам, үш кездесу өткізіп, финалда жеңіліп қалдым. Бірінші жәнеекінші жекпе-жекте Өзбекстан мен Қытай спортшыларынан басым түскен едім. Ақтық айқаста Василий Левитке есе жібердім. Сөз жоқ, финалда маған тәжірибежетпей қалды. Бұл жеңіліс менің алға басуыма серпін береді. Енді еке есе артықеңбектеніп, екі есе артық жаттығамын. Финалдағы жеңіліс алдағы мақсаттарымажету үшін үлкен қамшы болары анық. Бұдан соң ірі жеңістер күтеді», - дейдіАйбек.

Соңғы жаңалықтар