Ыстықкөл облыстық ІІБ баспасөз қызметі таратөан мәліметтерге қарағанда, бүгін сағат 04:27-де Балықшы-Ананьево-Қаракөл тасжолының 112 шақырымында Григорьевка мен Кашат ауылдарының аралығында жол-көлік апаты болды.
«Lexus-RX-300» маркалы автомашина жоғары жылдамдықпен тасжолдан шығып кетіп, бірнеше рет аударылғаннан кейін өртке оранған. Көліктің салонында болған жүргізуші мен үш жолаушы тірідей жанып кетті», - деді ІІБ.
Оқиға орнын тексеру кезінде, автомобиль 100 метр қашықтыққа дейін төңкерілген. Автомашинаның жанынан қалдықтар - автобөлшектер мен машинадан түсіп қалған заттар табылды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.