Лейкозға ұшыраған балалардан С гепатиті анықталуы жағдайы бойынша қорытындылар ҚР Бас прокуратурасы мен Денсаулық сақтау министрлігі комиссиясының жұмысынан кейін жасалады

АСТАНА. 27 шіәлде. ҚазАқпарат - «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ көпбейінді медицина орталығы болғандықтан әртүрлі патологиядағы балаларды емдейді, соның ішінде қан аурулары да бар, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

2012 жылы JCI тәуелсіз халықаралық комиссиясы бұл орталықтың медициналық көмек көрсету сапасы стандарттарын және пациенттердің қауіпсіздігін сақтайтынын қуаттап тіркеген. Стандарттарды сақтау госпитальішілік С гепатиті вирусының жұқтырылуына жол бермейді.

2013 жылдың бірінші жартысында Орталықта лейкоз сырқатына ұшыраған 270 бала емделді. С вирус гепатиті алғаш рет 30 пациенттен анықталды, бұл олардың 11 пайызы. 2012 жылдың осы кезеңінде 166 пациент емделді, олардың 16-сынан С вирустік гепатиті анықталды, бұл 12,5 пайызы. Сөйтіп, 2 жыл ішінде С вирустік гепатиті бір деңгейде қалып отыр. Халықаралық статистикалық мәліметтер С вирустік гепатиті лейкозбен ауыратын балалардың 10-25 пайызында ұшырасатынын көрсетеді.

Бұл арада С гепатитінің инкубациялық ең ұзақ кезеңі 780 күнге созылатынын ескеру қажет. Адам организміне түскен вирус қоздырғышы ұзақ уақыт ұлпада сақталып, қан плазмасының иммунологиялық зерттеулерінде қапелімде білінбеуі мүмкін. Сонымен қатар халықаралық сарапшылар С гепатиті вирусы тұрмыстық жолмен, биологиялық сұйықтықтар арқылы енуі ықтимал екенін айтады.

Халықаралық хаттамалар бойынша жүргізілетін химиялық терапия кезінде қан жасушасындағы ісіктің өсуі тұншықтырылады, бұл сонымен қатар организмнің иммундық жүйесін де әліретеді. Бұл өз кезегінде организмнің жасырын жұқпалы ауруларын да белсендіре түседі, С вирустік гепатиті де олардың қатарына жатады. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, С вирустік гепатиті лейкоз ауруларын асқындырмайды оны емдеу лейкоз сырқатынан жазылу немесе сырқаттың тұрақты кезінде жүргізіледі. Қазақстандық балалардың кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі ауқымында бұл аурудан емделіп шығуына барлық қажетті жағдай бар.

Бұл мәселе бойынша түпкілікті қортындылар ҚР Бас прокуратурасы мен Денсаулық сақтау министрлігінің бірлескен комиссиясының жұмысы аяқталғаннан кейін жасалатын болады.