"LG chemicol" компаниясымен келіссөздер жүргізілуде

АСТАНА. Сәуірдің 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Мұнай-химия зауытының құрылысы бойынша оңтүстіккореялық "LG chemicol" компаниясымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Самұрық- Қазына» қорының Басқарушы директоры Айдан Кәрібжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгінде «Самұрық -Қазына» қоры Атырау облысындағы газ-химиялық кешені бойынша жобаны жүзеге асыру шараларын жалғастырып жатқанын жеткізген ол, «оңтүстіккореялық "LG chemicol" компаниясымен белсенді түрде келіссөздер жүргізіліп жатыр. Олар бұл жобаға қатысуға үлкен қызығушылық танытып отыр. Сонымен қатар, бірнеше кореялық қаржы институттары, оның ішінде «Эксим банк Корея» 1,5 млрд. АҚШ долларына дейінгі көлемдегі жобаларды қаржыландыруға ниет білдіруде», деді. Сондай-ақ ол қазіргі уақытта «Самұрық -Қазына» қоры 22 млрд. АҚШ долларына жуық қаржыға 25 инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатқандығын айтып өтті. Бұл жобалар электр энергетикасы, туризм, мұнай өңдеу, газ, көлік, химия өнеркәсібі, металлургия, фармацевтика салаларында қамтылған.