АСТАНА. KAZINFORM – «E-Petition.kz» ресми порталында «Біз ҚР-дағы ЛГБТ-ны ашық және жасырын насихаттауға қарсымыз» петициясы ресми қаралуы үшін қажетті қол жинады. Енді оны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі қарастыруға міндетті. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.
«ҚР ӘРПК-нің 90-4-бабына сәйкес, 50 000 қол жиналғаннан кейін, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өтінішті қарауға қабылдады. ҚР ӘРПК-нің 90-5-бабына сәйкес, петицияны қарау мерзімі — оны тіркеген сәттен бастап 40 жұмыс күніне дейінгі уақыт аралығын қамтиды», — делінген хабарламада.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен құралған жұмыс тобының қызметін ұйымдастырады.
Өтінішті қарау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүргізілетін болады.
Бақытгүл Абайқызы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)