жаңа жұмыс орындары құру жоспарымен сөйлейтін сөзі қарсаңында 7 қыркүйектегі сәрсенбі күнгі сауда қорытындысымен әлемдік нарықтағы мұнай бағасы елеулі өсті, деп хабарлады РБК агенттігі.
Мәселен, Нью-Йорк шұғыл сауда биржасында WTI (Light Sweet) мұнайының ресми бағасы 3,32 долларға өсіп, баррелі 89,34 долларды құрады.
Лондон тауар биржасында rent мұнайының бағасы 2,91 долларға артып, баррелі 115,80 долларға жетті.
Естеріңізге сала кетейік, «Ли» дауылының қаупінен Мексика бұғазында мұнай өндіру 60,5 пайызға жуық тоқтатылды.
Бұдан басқа, мұнай бағасының өсуіне бүгін, бейсенбі күні АҚШ президенті Барак Обаманың сөз сөйлеуі күтілуі де әсер етті. Мемлекет басшысы конгреске жұмыс орындарын құруды, сондай-ақ жұмысшылар үшін табыс салығы мен жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақыға субсидияларды бір жылға ұзартуды көздейтін көлемі 300 млрд. доллардың бағдарламасын ұсынады.