Ли Головкинмен айқасқысы келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы ирландиялық боксшы Энди Ли Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізгісі келетінін хабарлады, деп жазды Sports.kz.

Екі жыл бұрын Ли мен Головкин келіссөз жүргізген, алайда Геннадийдің әкесінің қайтыс болуына байланысты жарыс өтпей қалған. Енді ирландиялық боксшы келіссөзді қайта бастауға ниетті.

 «Соңғы жекпе-жектен кейін біраз үзіліс болды, бірақ боксқа қайта оралғым келеді. Титул үшін айқасқа қайтып оралудан артық не бар?  Дэнни Джейкобспен, Геннадий Головкинмен немесе басқа да үздік боксшылармен жекпе-жек өткізу жағынан еш күмәнім жоқ. Үздіктермен жұдырықтасып өзімді көрсеткім келеді, басты көздегенім де сол», - деген Лидің сөзін келтірді Independent.ie.