«Биылғы жылы біз ЖІӨ-ні 7 пайызға өсіру мақсатын қойдық. Алайда бұл міндетті жүзеге асыру оңайға соқпайды, себебі Қытай экономикасының көлемі аса ауқымды, ол бүгінде 10 триллион доллардан асып кетті», - деді Ли Кэцян жексенбіде Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының жыл сайынғы сессиясының аяқталуы бойынша өткен баспасөз конференциясында.
Бұл ретте, премьер, егер қытайлық экономика орташа деңгейден жоғары өсім қарқынына қол жеткізсе, онда Қытай салыстырмалы ұзақ уақытта экономика өсімін орташа-жоғары деңгейде қамтамасыз ете алатынын атап өтті.