Либерияда Эбола безгегі кесірінен тұрақсыздық басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Шекарасыз дәрігерлер» Халықаралық ұйымының хабарлауынша, тұрақсыздық әуелі Либерияның Денсаулық сақтау министрлігінде басталды. Министрлік Эбола безгегі кесірінен толыққанды жұмыс жасай алмай отыр, деп хабарлады Би-Би-Си.

Аталған халықаралық ұйым үйлестірушісі Линдис Хурумның айтуынша, Либериядағы Эбола безгегін жұқтырған адамдар туралы құзырлы ведомствоның ресми ақпараты шындыққы сәйкес келмейді. Оның айтуынша, індет жұқтырғандар санын есептеуден жаңылысқан министрлік бұл қауіпке үстірт қарап отыр.

Сенбі күні Монровида адамдар шеруге шығып, әскерилер оны таратты. Босқындар мен індетті жұқтырғандардың қалаға кіруін барынша шектеу үшін қазір ел астанасы маңында күзет күшейтілген.