Дәрі «Шекарасыз дәрігерлер» деп аталатын медициналық орталықта сыннан өтеді. Эбола вирусына қарсы дәрі жасау жобасын басқаратын Оксфорд университетінің мамандары алғашқы сынақ нәтижелері алдағы айларда анықталатынын айтты, деп жазады хабар.кз.
Ал желтоқсан айында Гвинеяда осыған ұқсас Favipiravir препаратын тестілеу басталған болатын. Қазіргі уақытта Эбола эпидемиясынан 8 мыңнан астам адам қаза тапқан. Қайтыс болғандардың басым көп бөлігі Либерия, Гвинея және Сьерра-Леонеде өмір сүрген.