Life телеарнасы жабылып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік Life телеарнасы хабар таратуды тоқтатты. Осыған орай олар өз көрермендеріне үндеу жолдады, деп хабарлайды ТАСС.

«Құрметті көрермендер, ендігі кезде Life арнасының жаңалықтарын әлеуметтік желілері мен life.ru сайтынан көруге болады», делінген телеарнаның хабарламасында.

Арна басшыларының айтуына қарағанда, осы жағдайларға байланысты агенттіктің 90 қызметкері жұмыстан қысқартылмақ.

фото © Вячеслав Прокофьев/ТАСС