АСТАНА. ҚазАқпарат - Батысқазақстандық шорттрекші Анита Нагай Норвегияның Лиллехаммер қаласында өтіп жатқан жасөспірімдердің қысқы Олимпиадасында аралас командалық жарыста қола жүлдені еншіледі.
Vesti.kz сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Анита құрамына одан басқа Катрин Манойлова (Болгария), Карлис Крусберг (Латвия), Казуки Йошинага (Жапония) кірген «6 команда» сапында 4:17.181 минут уақыт көрсетіп, мәреге үшінші келді. Бұл сында алтын медальді «2 команда» (норвегиялық Ане Бай Фаршиада, оңтүстіккореялық Джи Ю Ким, бельгиялық Стейна Десме және франциялық Квентин Феркок, 4:14.413 минут), күміс жүлдені «3 команда» (венгриялық Петра Язапати, австралиялық Джулия Мур, голландиялық Тьерк Де Боер, жапониялық Киичи Шигеиро, 4:14.495) жеңіп алды.
Еске сала кетейік, бұл - қазақстандықтардың жасөспірімдер олимпиадасындағы төртінші медалі. Мұның алдында биатлоншы Арина Пантова мен мәнерлеп сырғанаушы Элизавет Тұрсынбава қола, конькиші Анвар Мухамадиев күміс жүлдені иеленген болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).