Лингвистикалық комиссия президенттіктен үміткер Сәлім Өтеннен қазақ тілін қаншалықты меңгергендігін анықтау үшін емтихан алуды жоспарлап отыр
14:40, 12 Ақпан 2011
АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат /Асқар Бимендин/ - Бүгін Лингвистикалық комиссия президенттіктен үміткер Сәлім Өтеннен емтихан қабылдауды жоспарлап отыр.
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Лингвистикалық комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбеков хабарлады.
«Түстен кейін кесте бойынша үміткер Сәлім Өтен келуі тиіс, одан емтихан қабылдау 15.30 сағатқа белгіленген», - деді М.Жолдасбеков.