Лион әуежайында белгісіз біреу көлігімен ұшу алаңына шығып кетті

None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Полиция дүйсенбі күні көлігімен Лион Сент-Экзюпери қаласының халықаралық әуежайының қоршауларын бұзып, ұшу алаңына шығып кеткен адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап. 

Оқиға орнынан таратылған бейнекөріністерде жылтыр ақ түсті көліктің үлкен жылдамдықпен ұшу алаңына кетіп бара жатқаны бейнеленген. Оның алдында көлік аэродромдағы шлагбаумды қиратып кетті.

Жүргізуші өткізу бекетіне жақындаған тұста көлігін тоқтатып, бой тасаламақ болды. Алайда, көлікті аңдып келе жатқан полицейлер оны қоршауға алып, қолға түсірді.

Әзірге ер адамның мұндай қадамға неліктен барғандығы белгісіз. Төтенше жағдайдың салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда әуежайдың жұмысы біршама уақыт тоқтап тұрды.

Фото: www.lyoncapitale.fr