Қарақшылар сенбіге қараған түні мұражайға кіріп, одан басты жәдігерлердің бірін ұрлап кеткен.
Тәж 1899 жылы жасалған, сол кездегі Лионның бай отбасы сыйға тартқан тәж бағалы тас, маржандармен көмкерілген.
Оның құны миллион долларға бағалануда.
Ұрылар тәжбен бірге жүзік пен ыдысты да қолды еткен.
Осы оқиғадан кейін мұражай тергеу жұмыстарын жүргізу үшін жабылды.