Лионель Месси «Барселонаның» алаңындағы 300-інші голын соқты
08:50, 20 Қыркүйек 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси барлық турнирлерде «Барселонаның» өз алаңындағы ("Ноу Камп" стадионы) матчтарында салған голдарының санын 302-ге жеткізді.
Месси каталондық команда сапында барлығы 522 доп соққан.
«Барселона» және «Эйбар» арасындағы Испания чемпионатының бесінші турындағы кездесу 6:1 есебімен аяқталды. Месси бұл матчта төрт гол салды.