НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әйгілі футболшы Лионель Месси UEFA Чемпиондар лигасы рекордын жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталған ұйымның сайтына сілтеме жасап.
Өткен жылдың қазан айында «Барселона» кездескен венгриялық «Ференцварош» Мессидің Чемпиондар лигасында гол соққан 39-шы команда болып тарихқа енді. Бұл – аталған турнирдің рекорды.
Испанияның «Барселона» командасының жартылай қорғаушысы бүгінге дейін жасыл алаң төрінде өткізген 12 310 минут ішінде қарсыластар қақпасын 121 мәрте дәл көздеді. Ол әрбір 101 минут, 44 секундта бір голдың авторы атанып үлгерген.
Аргентиналық футболшы еурокубок ойындарында 17 елдің 43 командасымен кездесті. Олардың арасында «Атлетико» (Испания), «Бенфика» (Португалия), «Рубин» (Ресей) және Италияның «Интер» және «Удинезе» клубтарына гол соға алған жоқ.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.