АСТАНА. ҚазАқпарат – Францияның «ПСЖ» командасының шабуылшысы Лионель Месси Криштиану Роналдудың Еуропаның клубтық деңгейдегі рекордын жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сhampionat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, аргентиналық ойынша Франция чемпионатының 30-турында «Ницца» командасымен өткен матчта (2:0) гол соқты.
Бұл Лионель Мессидің Еуропадағы клубтық деңгейдегі 702-голы еді. Сөйтіп ол бұл көрсеткіш жөнінен қазіргі кезде Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубында ойнайтын Криштиану Роналдудан (701) асып түсті. Месси бұл нәтижеге жету үшін 105 матчты кем өткізді.
Месси «ПСЖ» намысын 2021 жылдан бері қорғап келеді. Клубпен келісімшарт 2023 жылға дейін есептелген. Биыл барлық турнирлерде 33 ойын өткізіп, 18 гол соғып, 17 нәтижелі пас берді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының Еуропадағы мықты командалардың бірі – Данияны қалай жеңгенін жазған болатынбыз.
Данияны жеңген Қазақстан футбол құрамасы әлемдік рейтингіде көтерілді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).