АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси әлем чемпионаты финалдық сатысында ойын көрсету жөнінен Лотар Маттеустың рекордын қайталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дәл қазір 2022 жылғы әлем чемпионаты жартылай финалында Аргентина және Хорватия құрамалары ойнап, Аргентина финалға жолдама алды.
Аталған ойында Лионель Месси ұлттық құрама сапында аталған турнирдің финалдық сатысында 25 мәрте жасыл алаңға шықты. Осылайша ол неміс футболшысы Лотар Маттеустің көрсеткішін қайталады.
Бұл жөнінен үштікті 24 ойынмен германиялық тағы бір футболшы Мирослав Клозе түйіндеп тұр.
Айта кетсек, бұдан бұрын хорватиялық қақпашы «Бавария» командасына ауысуы мүмкін екенін хабарлаған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.