«Енді, екеуіміздің арамызда достық бола ма, жоқ па, ол жағын білмеймін. Ол үшін екі адам тығыз араласуы қажет, бір-бірін тануы керек. Сонда ғана достық басталады. Роналду екеуіміздің арамызда ондай қарым-қатынас жоқ. Біз, көп жағдайда, марапаттарды тапсыру сияқты салтанатты шараларда ғана кездесеміз, араласып тұрамыз. Сондай жерлерде бәрі ойдағыдай болады. Ал енді қалған уақытта жолымыз түйіспейді», - дейді Месси.
Айта кетейік, 2008 жылдан бері Месси мен Роналду кезек-кезек «Алтын доптың» иегері атанып келеді. Аталған марапат жылдың қорытындысы бойынша үздік ойыншыға табысталады. 30 жастағы аргентиналықтың үлесінде бес «Алтын доп» бар. Ал 32 жастағы португалдық футболшы аталған сыйлықты төрт рет алған. Жақында Лионель Месси «Алтын бутсаның» иегері атанды.