Лионель Месси: Мен үшін үздік ойыншы титулының еш маңызы жоқ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси 2014 жылғы әлем чемпионатының үздік ойыншысы атағына мән бермейтінін айтты. Еске сала кетейік, бәске футболдан әлем біріншілігінің бас жүлдесі қойылған немістер мен аргентиналықтар арасындағы ойын 1:0 есебімен Германия құрамасының пайдасына шешілді.

"Егер сенің құрамаң бұл сында жеңіске жетпесе, әлем чемпионатының үздік ойыншысы деген атақтың еш маңызы болмайды. Арманым - бұл чемпионатта жеңіске жету еді. Қақпаның кілтін табу мүмкіндіктері болды бізде, алайда оны дұрыс пайдалана алмадық. Сол үшін өзімізді жазғырып отырмыз", - деді Месси.