Лионель Месси туралы деректі фильм көрермендерге жол тартпақ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы 1 қаңтарда Испанияда «Месси» атты деректі фильм кең экранға шығады, деп хабарланған каталондық клубтың ресми сайтында.

Бұл туынды «Барселона» футбол клубының әйгілі форварды Лионель Мессидің өмірі мен мансабына арналған. Фильмге сондай-ақ «Барселонаның» басқа да футболшылары - Андрес Иньеста, Херард Пике мен Хавьер Маскерано түскен. Картинаның сценарий авторы мадридтік «Реал» клубының бұрынғы ойыншысы, бапкері әрі директоры Хорхе Вальдано болса, режиссері - Алекс де ла Иглесиа.