Тьяго Мессиге «10-шы» нөмірлі жейде бұйырыпты. Лионель «Барселонаның» академиясына ауыспай тұрып дәл осы клубта өз жолын бастаған болатын.
Алдағы күндері аргентиналық «Ньюэллс Олд Бойз» өкілдері Еуропаға барып, барлық құжаттарды ресімдемекші.
Тьяго Месси 2012 жылдың 2 қарашасында дүниеге келген. Бір қызығы, статистиканы сүйетін жанкүйерлердің есептеуінше, Лионель Месси өзінің басты қарсыласы Криштиану Роналдудан 869 күнге кіші болса, Тьяго да Криштианудың ұлынан дәл 869 күнге кіші екен.